Үздік ұландықтар Алматыда бас қосты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы 5571 әскери бөлімі базасында Қазақсан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер арасында «Үздік батальон командирі», «Үздік батальон командирінің орынбасары», «Үздік батальонның штаб бастығы» атты байқаудың ІІ кезеңі басталды.

Аталмыш шара Ұлттық ұлан офицерлерінің әскери-жауынгерлік даярлығын көтеру үшін, сондай-ақ батальон буынындағы сардарлардың кәсіби біліктіліктерін жоғарылату, тәжірибелік білімдерін арттыру, оларды қызметтік тапсырмаларды орындауға жігерлендіру мақсатында өткізіліп отыр. Ұландар арасында үздіктерді анықтау 4 желтоқсанға дейін жалғасады. Сайысқа қатысуға Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының ұландары келіп отыр. Олар мемлекеттік-құқықтық дайындық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, ҚР ҚК басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының Жалпы әскери жарғысын білуден бақ сынасады. Сонымен қатар сайысқа қатысушылар дене дайындығы, яғни, 100 метрге жүгіру, белтемірде тартылу, 3000 метр қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерден сынақ тапсырады. Бұған қоса, оларды атыс дайындығынан сынақтар күтіп тұр. Сайыстың негізгі талабы - Макаров тапаншасынан №1 атыс жаттығудан өту. Жеңімпаздарды марапаттау 5571 әскери бөлімінің клубында ертең өтеді. Өңірлік сайыстың жеңімпаздары Астана қаласында жоспарланған ақтық сайысқа «Оңтүстік» қолбасшылығының намысын қорғауға аттанбақ.

Соңғы жаңалықтар