Үздік оқушыларға ақын сыйлықтары табыс етілді

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №40 орта мектепте ақын Ақұштап Бақтыгереева атындағы «Жасұлан» балалар ұйымы 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Сәлімованың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, ақын Республика күніне орай балалар ұйымының қатарына жаңа мүшелерді қабылдаса, әр оқу жылының қорытындысына сәйкес өз сыйлықтарын табыс етеді. Биыл педагогикалық кеңес пен оқушылар комитеті оқушылардың жыл бойғы көрсеткіштеріне орай үздіктерді анықтады. Әсем Тілекқабылова - озық шәкірт, Толғанай Мақсот - тәртіпті оқушы, Ерік Ғұбашев үздік спортшы атанып, Білім күніне орай оларға А.Бақтыгереева 15 мың теңгеден сыйлықтарын тапсырды.

Соңғы жаңалықтар