Үздік медицина қызметкерлеріне «ALTYN SHIPAGER» сыйлығы табысталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 маусым күні Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкерлері күніне орай «Жастар энергиясы - елордалық денсаулық ісінің қауіпсіз болашағы» атты ауқымды салтанатты іс-шара өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Jastar jyly» жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның басты оқиғасы «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын табыстау рәсімі болмақ.

Медицина саласында ерең еңбек еткен үздік дәрігерлер мен қызметкерлер 11 номинация бойынша марапатталады. Сыйлықты табыстау медицина саласында қоғамдық сананы жаңғыртуға, жас дәрігерлерді қолдаумен қатар отандық денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға бағытталады.

Шара ауқымды шоу форматында өткізіліп, концерттік бағдарламада отандық эстрада жұлдыздары қатысады. Шараның ресми басталуына дейін жүргізушілер келген қонақтармен интерактивті ойындар жүргізіп, бүгінгі жиын туралы сұхбаттасады.

Қонақтар мен БАҚ өкілдері қатысушылардан сұхбаттар алып, көкейдегі сауалдарына жауап ала алады.

Салтанатты жиынның ресми басталуы сағат 16:00-де қала әкімі Бақыт Сұлтановтың құттықтау сөзі мен «ALTYN SHIPAGER» сыйлығын табыстаудан басталады.

Сондай-ақ, қалған 10 номициямен медициналық қызметкерлерді белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, танымал спортшылар мен еліміздің біртуар тұлғалары марапаттайды. Шақырылған қонақтар арасында ҚР Вице-премьер-министрі Гүлшара Абдықалыкова, ПӘ ҚХА секретариат меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтер бар.

Соңғы жаңалықтар