Үздік әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік наградалар алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні. Осыған орай, Астанада аталған саланың үздік мамандары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттау барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттыруға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

«Сіздерге ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың проблемалары жүктеледі. Осы жауапты жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен іске деген адалдықты ғана емес, сонымен бірге сезімталдықты, үлкен шыдамдылықты, жанашырлықты қажет етеді. Азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып табылатын мейірбан адамдар, еліміздің дамуы мен нығаюына қосқан үлесі көзге көріне бермейтін батырларымыз десе болады. Сіздің қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз адамдарға сенімділік береді, өмірдің қиын сынақтарын еңсеруде күш қосып, демейді», - деді Тамара Дүйсенова.

Салтанатты шара барысында ел өңірлерінде көп жылдар бойы еңбек етіп жүрген әлеуметтік қорғау жүйесінің 88 қызметкері марапатталды. Оларға министр «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» және «Шапағат» медальдерін табыс етті.






Соңғы жаңалықтар