Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай және газ бұрынғы вице-министрі, бұл қызметтен зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты кеткен Ұзақбай Қарабалин «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің құрамына кірді.

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

«Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде бар «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ ресми хат арқылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры-басқарма мүшесі Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы мен Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлын сайланғандықтары жөнінде мәлім етті», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар