Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасаровты тұтқында ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат  - Ақтөбеде мұнай ұрлап, заңсыз жолмен сатты деген күдікке іліккен ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасаровты тұтқында ұстау мерзімі бір айға ұзартылды. Ол КА 168/1 түзеу мекемесінде отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мұнай ұрлап, сатты деген күдікпен 22 адам тұтқында отыр. Олардың арасында «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен белгілі Еркін Ізбасаров бар.

«Еркін Ізбасаровтың тергеу оқшаулауындағы мерзімі 3 наурыз күні қайта созылды. Тұтқында ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Сонымен қатар, осы іс бойынша 22 адам әртүрлі мерзім бойынша тергеу оқшаулағышында отыр. Олардың да мерзімі кезең-кезең бойынша ұзартылып жатыр»,- деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.

Айта кетейік, Еркін Ізбасаров қазір Ақтөбедегі  КА 168/1 түзеу мекемесінде отыр. Мекеме қызметкерлері І-топ мүгедегінің денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

Еркін Ізбасаров өткен жылдың желтоқсан айында ұсталып, қамауға алынған болатын .

Соңғы жаңалықтар