+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Ұйықтап қалған полицейді ұрған командир қызметінен босатылды

2019 жылғы 12 ақпан 13:24
Бөлісіңіз:
Ұйықтап қалған полицейді ұрған командир қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көлігінде ұйықтап қалған полицей оқиғасына қатысты қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің ұйықтап жатқаны туралы видео тараған болатын. Бейнероликті ұйқыдағы тәртіп сақшысының әріптесі түсірген болуы керек. Қызметтік көлікте ұйықтап жатқан полицейдің жанына еппен жақындап келіп отырған тағы бір құқық қорғаушы «Рота командирі тексеруге келді» деп екі үш рет айтады. Ұйқыдағы полицей оянғаннан кейін әлгі командир (болжам бойынша шені үлкен) оны соға бастайды.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2017 жылы болған.

«Астана қалалық полиция департаменті полиция қызметкерлерінің жарғыдан тыс қарым-қатынас фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлайды. Оның нәтижесі бойынша, жол-патруль полициясының рота командирі қызметінен босатылды. Жол-патруль полициясының полк полицейі қызмет барысында ұйықтағаны үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT