Уытты баллон шашырауынан жапа шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дәрігерлер уытты баллонның шашырауынан жапа шеккен оқушылардың денсаулығы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай туралы хабарлама 17:05-те түскен. Оқиға орнына 11 жедел жәрдем бригадасы шыққан.

Барлығы 36 оқушы Балаларға шұғыл медициналық көмек беру орталығына жеткізілді.

Оқушыларға белгісіз затпен уланған деген диагноз қойылды.

«Балаларды білікті мамандардан құралған  мультидисциплинарлық команда қарап шықты. 2 бала амбулаториялық ем қабылдауға үйіне жіберілді, 33 бала токсикология бөлімшесіне жатқызылды. Олар дәрігерлердің бақылауында болмақ. 1 бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір диагностикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр», -  деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, №173 мектепте түскі 16:00 шамасында төтенше жағдай орын алды.

7 сынып оқушылары үлкен қоңырау кезінде уытты баллонды шашып алған.

Соңғы жаңалықтар