+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Үйсіз жүрген әйел 6 адамға қышқыл шашып жіберді

2018 жылғы 18 қараша 06:31
Бөлісіңіз:
Үйсіз жүрген әйел 6 адамға қышқыл шашып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Марсельде үйсіз жүрген әйел қаладағы дәмхананың біріне келгендерге тұзды қышқыл шашып жіберген. Салдарынан алты адам күйіп қалды, деп хабарлайды Le Parisien.

Келеңсіз жағдай Марсельдегі Ескі порттың маңындағы Unic дәмханасында болған.


Басылымның атап өтуінше, барлық зардап шеккен жандар ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың қолдары, аяқтары мен беттері күйіп қалғандығын мәлім еткен. Дегенмен жарақаттар жеңіл, зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Келушілерге қышқыл құйып жіберген әйел ұсталды. Үйсіз-күйсіз жүрген жанды бұл аудан тұрғындары жақсы білетінге ұқсайды. «Оның жүйкесі жұқарған»,-деседі олар.

Әзірге полиция қылмыстың неліктен жасалғандығын анықтай алған жоқ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT