Үйлену тойында оқ атқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

None
None
МАХАЧКАЛА. ҚазАқпарат - Дағыстанда үйлену тойында оқ атқан ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ТАСС  агенттігі республикалық ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«РФ ҚК-нің екі бабы: «Бұзақылық» және «Заңсыз қару айналымы» бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі. Оның айтуынша, ер адам қамауға алынған.

Жексенбі күні әлеуметтік желіде  үйлену тойында ер адамның автомобильді төбесіне шығып ауаға қарата оқ жаудырғаны пайда болған. Дағыстан ІІМ-нің хабарлауынша, ол ұсталып Кизилюрт қаласының полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Әлеуметтік желіде оқ автоматтан атылған деген ақпарат таратылған.  «Қару сыртынан қарағанда автоматқа ұқсайды, бірақ бұл «Сайга» аңшы мылтығы болып шықты. Ешкім зардап шекпеген, ер адам адамдар жоқ жаққа қарай атқан»,-деп атап өтті полициядан.

Бір қызығы, бұл оқиғаны оқ жаудырған азаматтың өзі әлеуметтік желідегі парақшасына салған екен.

Соңғы жаңалықтар