Үйлену тойына көп ақша жұмсамаған жұптардың отбасылық өмірі ұзақ болады - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей оқырман назарына әлемдік ақпарат көздеріне шолуын ұсынады.

  Көп ұйқы денсаулыққа зиян - CNN

null Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде көп ұйқының денсаулыққа зиян тигізіп, өлімді жақындататыны белгілі болды. Бұл туралы CNN басылымы жазды.

«Ересектер 6-8 сағат ұйықтауы керек. Бұдан ұзақ ұйықтау өлім қаупін арттырып, жүрек-қан тамыр ауруларына алып келеді. Зерттеу туралы мақала European Heart Journal ғылыми басылымында жарияланды», деп жазады автор.

Мақала авторы зерттеуде 21 мемлекеттің мәліметтері назарға алынғаны айтылған. «Зерттеу тобы сегіз сағаттан көп ұйықтағандардың арасында жүрек-қан тамыр аурулары мен ерте өлім 41%-ға көп болған. Сонымен қатар ғалымдар күндіз ұйықтайтындардың саны артып жатқанына да алаңдаушылық білдірген. Сондай-ақ алты сағаттан аз ұйықтайтындарға қарағанда, сегіз сағаттан көп ұйықтайтындардың арасында өлім мен жүрек-қан тамыр аурулары жиі кездескен», деп жазылған мақалада. Автордың айтуынша, бұған дейін осыған ұқсас зерттеу Жапония, Еуропа мен Солтүстік Америкада жүргізілген.

Балаларға арналған әр төртінші тауардың сапасы нашар - Der Spiegel

null Балалар тауарының қауіпсіздігі мұқият тексеріледі ме? Бұл кез келген мемлекетті алаңдататын мәселе. Германияның Stiftung Warentest атты тұтынушыларға арналған ақпарат институты зерттеу жүргізіп, бұл сұрақтың жауабына көңілі толмағандарын айтыпты. Бұл туралы Der Spiegel басылымы жазды.

«2017 және 2018 жылдары жүргізілген 15 зерттеуде мамандар 278 тауардың 79-ы балалар үшін қауіпті екенін анықтады. Бұл институт зерттеген сапасыз тауарлардан төрт есе көп», деп жазылған мақалада.

Мамандар әр бесінші балалар тауарынан токсинді заттарды тапқан. «Біз тапқан нафталин, формальдегид секілді токсинді заттар балалар түгіл, ересектерге де қауіпті. Ол тері мен көзге зиян келтіріп, ракқа, аллергияға әкелуі мүмкін. Мұндай токсинді заттар балалар арбасында, автокреслода көп табылған. Сонымен қатар балаларға арналған матрастар да стандартқа сай емес. Олардың жұмсақ болуы кішкентай балаға зиян. Ал балаларға арналған ойыншықтардың басым бөлігінде ұсақ детальдар өте көп», дейді мамандар.

Планетаны салқындатудың жолы табылды - The Daily Mail

null Гарвард университетінің ғалымдары Билл Гейтстің қаржылық қолдауымен эксперимент жүргізеді. Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды. Автордың айтуынша, эксперимент 3 миллион долларды қажет етеді. Ғалымдар зерттеу барысында Жерден 20 километр биіктіктегі атмосферада бордың бөлшектерін ұнтақтауды көздеп отыр. Соның нәтижесінде пайда болған жанартау Жерді салқындатпақ.

«1991 жылы Филиппиндегі Пинатубо жанартауы атқылағанда атмосфераға бөлінген 20 миллион тонна күкірттің еселенген тотығы  планетаны 0,5 градусқа салқындатқан және мұндай температура он сегіз ай бойы сақталған», деп жазады басылым.

Дегенмен, бор бөлшектерін атмосферада ұнтақтау озон қабатына зиян келтіріп, кейбір өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтып жатқан ғалымдар да баршылық. Олар мұндай геоинженерия парниктік газдардың бөліну проблемасына деген көзқарасты өзгертіп, назардан тыс қалдыруы мүмкін дейді.

Тойына аз шығын кеткен жұптардың отбасылық өмірі ұзаққа созылады - ВВС

null  Өміріміздегі ең маңызды шешімдерді қабылдауға жыл мезгілінің әсері бар ма? ВВС басылымының жазуынша, маңызды шешім қабылданған кезең адамның денсаулығына да, психологиясы мен болашақ қадамдарына да әсер етеді екен.

«Біз көбіне Жаңа жылда бір жылға керемет жоспарлар құрамыз. Отбасын құру, балалы болу секілді өміріміздегі ең маңызды қадамдарды да сол уақытта белгілеп қоямыз», дей келе автор АҚШ-та жүргізілген сауалнама нәтижесінде үйлену тойларының 40 пайызы жылдың соңы мен келесі жылдың басында болатынын жазады.

«Жігіттер көбіне Рождество кезінде сүйіктілеріне үйлену туралы ұсыныс айтады екен. Бірақ, қыздар махаббат мейрамдарында ұсыныс күтетіні анықталды. Одан кейінгі орында қыздар Жаңа жыл мен екі жастың танысқан күнін құптайтыны белгілі болды», дейді автор. Оның айтуынша, үйлену тойы Америкада көбіне қыста, ал Ұлыбританияда жаз айларында өтеді екен.

«Америкалықтар қатысқан зерттеу нәтижесінде анықталғандай, тойына көп шығын кетпеген жұптардың отбасылық өмірі ұзақ болған. Мамандардың айтуынша, олар тіпті неке жүзігіне де көп шығынданбаған көрінеді», деп жазады автор.

NASA Марстағы желдің дыбысын жазып алды - The New York Times

null NASA-ның Марстағы InSight кемесі Қызыл планетада желдің дыбысын жазып алды. Бір айта кетерлігі, өткен аптада Марсқа қонған кемеге микрофон орнатылмаған. Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.

«Жер сілкінісін өлшеуге арналған құрылғы ауадағы вибрацияларды, яғни, дыбыс толқындарын жазып алды. Сағатына 16-25 км соққан жел InSight ғарыш кемесінің күн панелдерінің үстінде байқалған», деп жазады автор.

Марста ауа қабаты жұқа болғандықтан, құрылғылар жоғары жиілікті сезбейді. Сол себепті дыбыстар төмен жиілікте байқалған.

NASA 1976 жылы Марсқа жіберген сейсмометрлер де желдің дыбысын жазып алған болатын. Ал 1999 жылы микрофоны бар ғарыш кемесі Марсқа қону барысында апатқа ұшыраған еді. 

Соңғы жаңалықтар