Үйінің маңайында су жиналған астаналықтар қайда хабарласуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай өкілдері елордадағы сауда орындарын тасқынға қарсы шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров қаладағы нысандар мен жер үй тұрғындарына үндеу тастады.

«Тұрғын үй кешендері мен бизнес орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтарының әкімшілік ғимараттарына қызмет көрсететін компаниялардың өкілдеріне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелеріне мынаны айтқым келеді. Ауа райының күрт өзгеруіне және қардың еруіне байланысты, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен жарақаттануды болдырмау мақсатында Нұр -Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті өзіңізге тиесілі аумақта, су тасқынына қарсы уақтылы іс-шаралар өткізуді ұсынады», - деді Есен Байыров онлайн-брифингіде.

Басқарма өкілі тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттардың өкілдері бұл кезеңде кіреберіс шатырлары мен күнқағарларды қар мен мұздан тазартып, үй маңындағы және іргелес аумақтағы жаяу жолдарды таза ұстау керектігін ескертті

«Жеке тұрғын үйлердің тұрғындарына ауладағы қарды сыртқа шығарып, оны коммуналдық қызмет өкілдері алып кететіндей етіп жол жиегіне үюді ұсынамыз. Бұл іс-шаралар учаскелерді су басу мүмкіндігін азайтуға мүмкіндік береді. Құрметті азаматтар! Ықтимал төтенше жағдайларға жол бермеу үшін қауіпсіздік нұсқаулары мен негізгі ережелерін сақтауыңызды сұраймыз»,- деді Есен Байыров.

Ол-сондай-ақ, жол бойында немесе тұрғын үйдің маңында қар суы жиналып жатса, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің IKomek бірыңғай байланыс орталығына «109» нөмірі бойынша хабарласу керектігін айтты. Қаланың аудандық әкімдіктеріне келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалу қажет: Сарыарқа ауданы – 55-66-13, 55-74-22, Байқоңыр ауданы – 8775-970-99-99, 8702-348-82-88, Есіл ауданы – 55-66-13, 55-74-22, 8778-455-89-69, Алматы ауданы – 8702-868-66-33.


Соңғы жаңалықтар