Үйінен кетіп қалған жасөспірім қыз 4 күннен кейін табылды
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат - Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім қыз 4 күннен кейін табылды. Кәмелет жасына толмаған қыз мұндай қадамға ата-анасымен ұрыс-керістен соң барғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ПД мәліметінше, жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы полицияға Леңгір қаласында тұратын ата-анасы хабар берген. Олар қыздарының 26 сәуір күні сағат 16:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Кейіннен хабарласып, құрбысының үйінде екенін және ертең үйіне қайтатынын жеткізген. Алайда содан кейін үйіне де келмеген, байланысқа да шықпаған.
«Оның мекенжайын анықтау мақсатында полиция бөлімінде жедел-іздестіру тобы құрылып, жұмыстар жүргізілген. Жасөспірім қыздың баруы мүмкін деген жерлер тексеріліп, куәгерлерден жауап алынған. Нәтижесінде жоғалған қыздың жүрген жері анықталып, Шымкент қаласынан табылды. Ол өз жауабында ата-анасымен ұрыс-керістен соң, Шымкент қаласына кеткенін айтқан. Тиісті шаралардан соң жоғалған қыз үйіне оралды»,- делінген хабарламада.
- Жаппай ереуіл кезінде қылмыс жасап, тәртіп бұзғандарға сот қандай үкім шығарды
- Алматы трагедиясы: Ереуіл кезінде оққа ұшқан БАҚ қызметкерінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі
- Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді
- Ақтөбе облысының әкімі халық алдына неге шықпағанын түсіндірді
-
Боранда адасып, төрт тәулік далада түнеген екі ақмолалық аман табылды
-
Омикрон штамы жер бетіндегі эпидемиологиялық ахуалды ушықтырды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам



