+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірім Қызылордадан табылды

2020 жылғы 18 қараша 06:29
Бөлісіңіз:
Үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірім Қызылордадан табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордалық полицейлер үйінен қашып кеткен алматылық жасөспірімді тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде 7 көлік соқтығысты Маңғыстауда жол ережесін өрескел бұзып, кортеж құрғандар ұсталды Ақтөбеде көлік қаққан велосипедші ауруханада көз жұмды

Алматы облысы Полиция департаментінің Панфилов аудандық полиция бөліміне 36 жастағы азаматша 14 қараша күні кәмелетке толмаған баласының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлады. Содан кейін еліміздің барлық өңіріне жасөспірімнің суреттері бар бағдар жіберілген.

«Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері осы мақсатта еріктілермен бірге баланы іздестіруге белсене қатысты. Нәтижесінде 15 қарашада сағат 16.00-де жасөспірім Қызылорда қаласының автовокзалынан табылған. Мән-жайды анықтау барысында баланың Шымкент қаласына дейін жетіп, таксимен Ақтөбеде тұратын әкесіне бармақ болғаны анықталды. Ол әкесіне аман-есен табыс етілді. Баланың әкесі қызылордалық полицейлерге кәсіби шеберлігі үшін алғысын білдірді», - деп мәлім етті .

Бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 15 жастағы қыз Өскеменнен табылған еді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT