Үйінен қашып кеткен 13 жасар қыз Арбаттан табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы облысында жоғалып кеткен 13 жасар қыз табылды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы полициясының айтуынша, Алматы облысының жас тұрғыны Арбатта жүрген.

«13 жасар қыздың айтуынша, ол үйінен өз еркімен кеткен. Анасымен бірге тұрғысы келмейді. Бұрын да үйден кетіп қалатын, бірақ біраз уақыттан соң қайтып оралатын. Ювеналды полиция инспекторлары жоғалған қыздың анасымен байланысқа шықты. Анасы инспекторларға екінші күйеуі және кішкентай қызымен тұратынын жеткізді. Жоғалып кеткен қызына өгей әкесімен бір үйде тұрған ұнамайды. Үйден қашып кетуінің себебі осы болуы мүмкін»,- дейді Алматы қалалық ювеналды полиция басқармасының бастығы Лейла Алипбаева.

Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қыз анасының қолына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар