Үйіне қайтуға бір ай қалғанда сарбаз асылып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5571 әскери бөлімінде сенбі күні асылып қалған сарбаздың денесі табылды. Қатардағы жауынгер Найзабеков үйіне қайтуға бір ай қалғанда өмірімен қош айтысты. Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық Ұлан бас қолбасшылығының баспасөз қызметі растады.

19 жастағы жігіттің денесі әскери заттар тұрған қоймада таңертеңгі 11-лерде табылған. Қойманың есігі іштен жабық болған.

«Қазір аталған дерек бойынша тергеуалды тексеру жүргізіп жатыр. Сарбаздың өзіне-өзі қол жұмсауына әскери борышын өтеуге қатысты себеп боларлық еш жағдай болмаған. ҚР Ұлттық Ұлан бас қолбасшылығы қазір сарбаздың ата-анасына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», - деді ҚР Ұлттық Ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің өкілі Дархан Мұқанов.

Соңғы жаңалықтар