Үйінде газ баллоны жарылған ақтөбелік отбасы баспанасыз қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбедегі саяжайлардың бірінде газ баллоны жарылып, үй қирап қалды. Ал үй иесі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде газ баллоны бір отбасын баспанасыз қалдырды. Үй иесі 5 литрлік газ баллонын жылыту үшін үйге кіргізіп, дәлізге қойды. Сол кезде газ жарылып, отағасы оны далаға лақтырып үлгереді. Ал жарылыс салдарынан үйдің шатыры ортасына түсіп, қабырғасы қирап қалды.

«Гүрс еткен дыбысты естігенде далада оқ атылды деп ойлаған едік. Сол сәтте терезе өзімізге қарай құлады. Әкем «Шығыңдар, газ баллоны жарылды» деп айқайлады. Бәріміз қаша жөнелдік», - деді Әсел Омарова.

Оқыс оқиға кезінде үйдің иесі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы орташа ауыр деп отыр.

«Беті, екі қолын күйік шалды. І-ІІ дәрежелі күйік. Жағдайы орташа ауыр, тұрақты. Ол тағайындалған емді алып жатыр»,- деді травматолог дәрігер Әділбек Қаражанов.

Ал үй тұруға жарамсыз болып қалды. Есік-терезесі қираған соң Омаровтар отбасы туған-туыстарын жағалап кетті. Отбасы ақтөбеліктерден көмек сұрап отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ЧП в г.Актобе!!! Из-за взрыва газового баллона оказался полуразрушенным частный дом у моего дяди😔. Состояние дома аварийное❌❌❌ Из-за взрыва пятилитрового баллона с газом, частный кирпичный дом площадью 120 квадратных метров лишился нескольких стен и крыши. Баллон взорвался после того, как его с мороза занесли в тепло. От вспышки серьезно пострадал хозяин "мой дядя😓" Он лежит в городской больнице Актобе. 🆘 Нужна помощь 🙏🏽🙏🏽🙏🏽 В Актобе Ул. Нокина. С/К. Вишневый сад Kaspi Gold 5169 4931 3717 3087 Конысбаевна Асель Таганиязова ИИН: 8410 1740 1728

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe) 6 Янв 2019 в 9:37 PST

Соңғы жаңалықтар