+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Үйінде арыстан асыраған Павлодар тұрғынына айыппұл салынды

2020 жылғы 3 маусым 16:36
Бөлісіңіз:
Үйінде арыстан асыраған Павлодар тұрғынына айыппұл салынды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Жас жігіт Ресейде африкалық арыстанның күшігін сатып алып, оны ешқандай рұқсатсыз Қазақстанға алып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Даниял Смағұлов Әкімшілік кодекстің 389-бабы, бірінші бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 27 780 теңге көлемінде айыппұл салынсын және 2019 жылдың бесінші қарашасында туған Симба атты африкалық арыстанның күшігі тәркіленсін», - деп шешім шығарды Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Марданов.

Соттың мәліметінше, 9 сәуірде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шара барысында әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде 23 жастағы Даниял Смағұловтың африкалық арыстан күшігі бар екені анықталды.

Белгілі болғандай, ол 31 наурызда жабайы жануарды Ресейден сәйкес рұқсат құжатынсыз Қазақстанға әкелген. Арыстан күшігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға жататын болып шықты. Оған осылайша әкімшілік құқық бұзды деген айып тағылды. Жігіт сотта кінәсін мойындады.

«Ол африкалық арыстанды әкелуге рұқсат құжатын алмағанын түсіндірді. Ол жануарды 2020 жылдың 11 ақпанында РФ «Амурский тигр» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығынан сатып алып, Қазақстан Республикасының аумағына алып өткен» деп хабарлады соттан.

Сот ісіне қатысқан Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Қабдулла Суханқұлов африкалық арыстанның жойылу қаупі бар жануарлар түріне жататынын және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға енетін осындай жануарларды әкелу үшін міндетті түрде рұқсат құжаты болуы керектігін атап өтті.

«Жануардың жеке карточкасы болған. Оған сәйкес, арыстанның күшігі РФ «Амурский тигр» жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығында (Примор өлкесі Шкотово ауданы Шкотово кенті) туған. Симба атты африкалық арыстанның халықаралық ветеринарлық төлқұжаты бар, алайда африкалық арыстанды алып өтуге рұқсаты болмаған», - деп атап өтті Павлодар қалалық мамандандырылған әкімшілік сотынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT