Үйін жезөкшелікпен айналысушыларға жалға бергендер жауапқа тартылады - Мәжіліс

None
None
АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының мақсаты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. Осы саладағы қылмыстардан жәбірленушілердің, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес қорғау бөлігі жетілдіреді.

Бұл ретте адам саудасындағы қылмыстар, оның ішінде жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын бұзғаны, үй-жай иелері мен оны жалға алушылардың жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа үй-жай бергені үшін жауапкершілік күшейтіледі. Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға тартқандары, притондарды ұйымдастырып немесе ұстағандары үшін жауапкершілік қатаяды.

Бұдан бөлек, заң жобасымен денсаулық сақтау субъектілерінің жаңа жарақаттар, жаралану, криминалдық түсіктер бойынша, айналаға қауіп төндіретін инфекциялық ауру жағдайлары бойынша келіп көрінген адамдар туралы ішкі істер органдарына хабарлау жөніндегі міндеттемені бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Мұндай жауапкершілік төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарының пайда болу қатері туралы төтенше жағдайлар органына хабарлау міндетін жүзеге асырмағандарға да қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар