Үйі өртенген ақтөбеліктерге құрылыс компаниялары көмектесіп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жаңа жыл түні баспанасы өртенген және газ баллоны жарылып, шатыры ортасына түскен отбасыға көмек көрсетілді. Құрылыс компаниялары барлық қажеттілікті жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай «150 игі іс» қайырымдылық акциясы жүріп жатыр. Шара аясында өрт шығып, газ баллоны жарылған екі отбасыға көмек берілді.

«Зардап шеккендердің үйіне барған облыстық құрылыс басқармасының мамандары шығынды қарап шығып, қажетті құрылыс материалдарын есептеді, тізімін жасады. «Ерзат» ӨК, «Бабәк-Құрылыс» ЖШС, «Rail Track Aktobe» ЖШС, «Фагот и К», «Кварц-Спецсервис», «Би-М-72» құрылыс компанияларының қолдауымен оларға профлист, ағаш, кірпіш, шойын радиаторлары, пенопласт жеткізілді. Зардап шеккен екі отбасыға 1 млн теңгенің құрылыс материалы тасымалданды», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.null

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 31желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні саяжай аумағындағы үйден өрт шықты. Жетігеновтар отбасының несиеге алған үйі жанып кетіп, отбасы далада қалды. Кейін Омаровтардың үйінде газ баллоны жарылып, бір адам ауруханаға түсті.

«Ақтөбе әкімдігі келіп, көмек берді. Қазір құрылыс компаниялары үй салуға қажетті материалдарды жеткізді. Алдағы уақытта үйдің іргетасын қайта құйып, жаңа үй салғым келеді. Құрылысқа рұқсат берсе іске кірісемін», - деді үй иесі Саламат Жетігенов.

null null

Соңғы жаңалықтар