Ұйғыр жастар одағының төрағасы қазақ халқына алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қариев көктемнің алғашқы мерекесі - Алғыс айту күні туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғыс айту мерекесінің мәні тереңде жатыр. Әсіресе, Қазақстан халқы Ассамблеясындағы әріптестерім үшін айтулы күн. Бұл күн - Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Барлық этностар бір-біріне алғыс айтып, бейбіт заманда өмір сүріп жатқаны үшін қазақ халқына да ризашылығын білдіру мүмкіндігіне ие болды», — дейді Р. Қариев.

Сонымен қатар ол бұл күннің жастар мен өскелең ұрпақ үшін де аса маңызды екенін тілге тиек етті.

«Менің ойымша, бәрі үшін алғыс айтуға болады. Біз аға ұрпаққа болашағымыз үшін және экономикасын дамытқан тәуелсіз Қазақстанды құрғаны үшін алғыс айтамыз. Барша қазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтаймын. Бар жақсылықты тілей отырып, «рақмет» деуден жалықпаймын, — деді ол.

Айта кетейік, 2016 жылы Қазақстан Республикасы |Тұңғыш Президентінің Жарлығымен жаңа мереке — Алғыс айту күні бекітілген еді.

Соңғы жаңалықтар