Ұйғыр ауданында салынып жатқан нысан опырылып құлады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ұйғыр ауданында жаңадан салынып жатқан нысан опырылып түсті. Оның неден құлағанын арнайы комиссия анықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйғыр ауданындағы спорт кешенінің құрылысы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019 жылдың қараша айында басталған.

«2021 жылдың қаңтар айында аяқталуы керек. Нысанның құлауына байланысты арнайы комиссия келіп тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссия қорытындысына сәйкес аталған олқылықтар қалпына келтіріледі», - деп хабарлады Ұйғыр ауданы әкімінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар