Үйге газ тарту неге қымбат – астана әкімдігі тұрғындар шағымына жауап берді
2022 жылғы 17 тамыз 13:59

Үйге газ тарту неге қымбат – астана әкімдігі тұрғындар шағымына жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық өңірінде үйге газ тарту құны бірдей. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдік пен «ҚазТрансГаз» жобасында желілерді әрбір үйдің қоршауына дейін жеткізіп, жер бетіне шығару, яғни қосу нүктесін қалдыру қарастырылған. Одан әрі тұрғын газбен жабдықтау туралы заңнамаға сәйкес нарық тәртібінде аккредиттелген жеке компанияны жалдайды», - деді Мақсат Есмағұлов елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, газды қосу құны мен шарты нарықтық болып саналады және ешқандай мемлекеттік орган бұл қызметті реттемейді.

«Тұрғын компанияны өзі таңдайды және онымен келіседі. Қосу құнына қатысты көп шағым болды. Бірақ, бұл тек астанаға ғана тән емес екенін атап өткім келеді. Қазақстанның барлық өңірінде осындай жайт. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында немесе Жамбыл облысында, не болмаса елорда газ қостырсаңыз да, шамамен құны бірдей болады», - деп түсіндірді ол.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында ауданы 160 шаршы метр болатын жеке үйге 30 метрлік газ құбырын тарту, желдету құрылғысын орнату және басқа да жұмыстарда қоса алғанда 755 892 мың теңге болатындығы хабарланған еді.

Фото: vesti.ua



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT