Үйдің ауласына шлагбаум қойғандарға айыппұл салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Әлиxан Қуатбековтің айтуынша, шлагбаум қою мәселесі инспекцияның құзіретіне кірмесе де, аулаға кіруге шектеу жасағаны үшін төтенше жағдайлар қызметі айыппұл салуы әбден мүмкін, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде пәтер иеленушілер кооперативінің шешімімен ауланың территориясын қоршап, шлагбаум қоюға рұқсат жоқ. Себебі ол - жалпыға ортақ жер. Қазір шлагбаумдарды немесе басқа бір тоқсауылдарды, тіпті блоктарды қойып жатқандар бар. Ол дұрыс емес. Аулаға бәрі бірдей кіре алуы тиіс. Ал қандай да бір тосқауылдар қойылса, төтенше жағдайлар қызметінің пәтер иеленушілер кооперативіне айыппұл салуға құқысы бар", - деді Ә.Қуатбеков.

Оның айтуынша, қазіргі кезде шлагбаумды орнатып, оның қасына адам отырғызып қоятын аулалар да бар. Дегенмен, ондай тосқауылдарды да қоюға рұқсат жоқ. Өткен жылы елорданың тек Алматы ауданында ғана 100-ден астам шлагбаумды бұзып тастады.

Соңғы жаңалықтар