+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

#Үйденшықпа: Қазақстандықтар «Сарыарқа» күйін орындаудан жарысып жатыр

2020 жылғы 1 сәуір 21:08
Бөлісіңіз:
#Үйденшықпа: Қазақстандықтар «Сарыарқа» күйін орындаудан жарысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде #үйденшықпа ұраны аясында жаңа челлендж басталды. Қазақстанның танымал күйшілері үйінде отырып, «Сарыарқа» күйін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрманғазының «Сарыарқа» күйін елге танымал күйшілер Айгүл Үлкенбаева, Арман Жүдебаев, Асылбек Еңсепов, Айбек Бекбосынов, Нұркен Әшіров, Олжас Сүлейменов, Батыржан Мықтыбаев, Дулат Темір, Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай жаңа онлайн форматта орындаған.

«Айбынды күй үйде алаңдап отырған халықтың көңіліне демеу болып, рухын көтереді деп сенеміз. «Хабар» агенттігінің осы жобасын қолдап, ұлттық өнерді дәріптеп, әрі қарай халық арасында челлендж жалғасын табады деп ойлаймыз» делінген агенттік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, «Хабар» агенттігі бұған дейін «Біз біргеміз», «Үйден шықпа» деген ұранмен 20-дан аса бейне ролик әзірледі. Екі бейнебаян түсірді.

Әнші Ибрагим Ескендірдің «Біргеміз» және Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы «Біз - қазақтың баласы» атты бейнебаяндары терең тарихымызды еске түсіріп, өр рухымызды асқақтатты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, БАҚ, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT