+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Үйден дауыс беретін сайлаушыларға барған комиссия мүшелері қорғаныш киімін пайдаланды

2021 жылғы 25 шілде 17:38
Бөлісіңіз:
Үйден дауыс беретін сайлаушыларға барған комиссия мүшелері қорғаныш киімін пайдаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Алға ауданында екі ауылдың әкімі сайланып жатыр. Тұрғындардың 70% жуығы өз таңдауын жасады. Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Нұрмағамбетова ҚазАқпарат тілшісіне саяси науқанның қалай өтіп жатқанын айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар

Алға ауданы бойынша Үшқұдық және Тоқмансай ауылдық округтерінде әкім сайланып жатыр. Әр округте екі сайлау учаскесі, барлығы 1768 сайлаушы бар.

«Сайлау учаскелері уақытылы ашылды. Әр сайлау учаскесінде кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен байқаушылар бар. Ауылда жасы үлкен адамдар өте белсенді. Олар таңертең ерте тұрып, таңдауын жасады. Қазіргі кезде Алға ауданы бойынша сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді»,- деді Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ақмарал Нұрмағамбетова.

Үшқұдық ауылдық округіне қарасты Ақсазды ауылына сайлау комиссиясының мүшелері арнайы барды. Мұндағы әр отбасының екі адамы өз таңдауын жасады.

«Мұнда дауыс беруге құқығы бар 51 адам тұрады. Бәрі де таңдауын жасады. Тасымалдау жәшігін апарған комиссия мүшелеріне қорғаныш құралы, арнайы киім берілді. Сонымен бірге учаскелерде эпидемиологиялық жағдай ескеріліп, комиссия мүшелері мен сайлаушыларды бөліп тұратын әйнек орнатылды. Маска тағу, кіреберісте дене қызуын өлшеу міндеттелді», - деді Ақмарал Нұрмағамбетова.

Сондай-ақ осы екі ауылдық округ бойынша мүмкіндігі шектеулі үш жан өз таңдауын жасауға өтініш берген.

«Бірінің есту, екіншісінің көру қабілеті нашар. Бірі сал ауруына шалдыққан. Екеуі үйде отырып, дауыс берді. Ал көру қабілеті нашар адамның сайлау учаскесіне барып дауыс беруіне жағдай жасалған. Тоқмансай ауылында арнайы бұрыш бар. Аудио жазба арқылы кандидаттар туралы ақпарат ала алады. Бюллетеньге белгі қою үшін трафаретті қолданады», - деді Ақмарал Нұрмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT