Үйдегі зорлық-зомбылыққа қарсы күрес - қоғамдық іс – Аида Балаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шаралары талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның сөзіне қарағанда, әлемдік проблема жыл сайын біздің қоғамда да өзекті болып отырғаны өкінішті жағдай. Эпидемия басталғалы және карантиндік шаралар енгізілген уақытта үйдегі зорлық-зомбылық 20 пайызға артқан.

«Бұл жағдай бізді алаңдатып отыр. Үйдегі зорлық-зомбылық қоғамдық резонансты қалыптастыратыны анық. Күн сайын БАҚ-та және әлеуметтік желіде отбасылық сұмдық жанжалдардың оқиғаларын көреміз. Осы жанждалдар трагедиямен аяқталып, балалар жетімдіктің тауқыметіне тап болып жатады», - деді А. Балаева.

Осы орайда министр бұл мәселені шешумен жүйелі түрде мемлекет айналысып жатқанын жеткізді. Пандемия басталғаннан бері отбасылық жанжал шығарғыштардан зардап шегушілерді қорғау үшін 37 мыңға тарта қорғау ұйғарымы шығарылып, құқық бұзушыларға қатысты 5 мыңнан астам арнайы талап бекітілген.

Ведомство басшысының айтуынша, осы мәселеде тек құқықтық шаралар жеткіліксіз, яғни, жүйелі қоғамдық жұмыс керек. Бұл тұрғыда ҮЕҰ-ның, сарапшылық қоғамдастықтың, кәсіби психологтердің, сондай-ақ басқаның отбасылық бақытына бей-жай қарамайтындардың ортақ күш-жігері керек.

«Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қолдау жасайтындар аз емес. Осы адамдар бұл бағыттағы жағдайды жақсарту үшін нақты ұсыныстар жасауда», - деді А. Балаева.


Соңғы жаңалықтар