+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Үйдегі анасы мен баласын қарудан атқан ақтөбеліктер сотталды

2019 жылғы 18 сәуір 19:31
Бөлісіңіз:
Үйдегі анасы мен баласын қарудан атқан ақтөбеліктер сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Әйел мен оның баласын қарудан жарақаттаған екі ақтөбелік 5 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында болған оқиға туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. 2018 жылдың 30 қазаны күні түн жарымда 58 жастағы әйел мен оның 23 жастағы баласы оқу жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. Оларға шұғыл ота жасалды.

28 жастағы сотталушылар Ж.Ерлан мен К.Мейрамбек Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, оқ жарақатымен ауруханаға түскен 23 жастағы Н.Тұрмағамбет 2018 жылдың 1 қаңтары күні сотталушы К.Мейрамбекке пышақ жарақатын салған. Ол кезде Н.Тұрмағамбетке психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу тағайындалған. Өзіне пышақ жарақатын салып, жазаланбады деген оймен К.Мейрамбек кек сақтап, оны өзі жазалауды ұйғарған. Ойын іске асыру үшін тегіс ұңғылы, қос ауызды 16 калибрлі «ТОЗ-63» маркалы аңшы мылтығын сатып алған. 2018 жылдың қазанында сотталушылар алдын ала келісіп, жәбірленушіні іздейді. Үйінен тапқан соң, Н.Тұрмағамбет пен оның анасын ауыр жаралайды.

Қылмыстық іске қатысты Темір аудандық сотының үкімі шықты.

«Ж.Ерлан Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі 1, 5 тармақтарымен, К.Мейрамбек Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігімен, 106-бабының 2-бөлігі 1, 5 тармақтарымен кінәлі деп танылсын. Ж.Ерланға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. К.Мейрамбекке 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін», - деді судья Алтын Ақмолдина.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT