Ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалану жобасына 10 банк қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалану жобасына қосылған банктер саны 10-ға жетеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел төлемдерді дамыту үшін Ұлттық банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді. Бүгінгі таңда жобаға 3 банк қатысуда, ал жыл соңына дейін 10 банкті қамту жоспарланып отыр», - деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген. Оны алуға бизнес субъектілерінен 509 тапсырыс берілді.

«Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін онлайн БКМ және ERP жүйелерін сатып алуға арналған шығындар салығын төлеу есебінен мемлекеттің өтеуі бойынша салықтық ынталандыру қарастырылған. 2 жылдың ішінде 120 мың теңгеге дейін өтеу көзделген», - деді Р. Дәленов.

Соңғы жаңалықтар