Ұялы байланыс тарифтері бойынша Қазақстан 17-ші орында

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі аясында Қазақстан тарифтер бойынша 17-ші орында тұр. Бұл туралы бүгін Астанада Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің, партияның Сайлауалды тұғырнамасының «Инновациялық» экономика бағыты бойынша сараптамалық топтың бірлескен отырысында мәлім болды.

«Байланыс қызметтеріне тарифтер тұрғысында кезінде телекоммуникациялық саланың либерализациясы жүргізілді. Бірқатар операторлар нарыққа шығып, бүгінде олар бәсекелестікте жұмыс істеуде. Бұл өз кезегінде тарифтердің төмендеуіне алып келді. Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша біз ұялы байланыс тарифтері тұрғысында 17-ші орындамыз»,- деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Асқар Жұмағалиев.

Осы орайда ол алдағы уақытта да ұялы байланыс үшін тарифтерді төмендету жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар