Үй жануарларын пойызда қалай алып жүру керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда пойыз купелерінде жолаушыларға ит, мысық, құс сияқты жануарларды алып жүруге рұқсат берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазға маусымға орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы теміржолда үй жануарларын тасымалдау шарттары туралы хабарлады. Жолаушыларға купеде ит, мысық, құс сияқты жануарды алып жүруге рұқсат берілген. Алайда, бұндай тасымалдың өзіндік ерекшеліктері бар.

«ҚР Инвестиция және даму министірнің «Жолаушылар және жүк тасымалы» Ережесінің №545 бұйрығына сәйкес үй жануарлары тасымалданған кезде міндетті түрде келесі баптарды ескерген жөн: Тасымалданатын жануарлардың ветеринариялық құжаттары болуы керек; жануар йесі арнайы бір купены толықтай сатып алуы қажет (басқа жолаушылардың аллергиясын алдын алу үшін); жануарлар арнайы жәшіктер мен қораптарда тасымалдануы керек», делінген хабарламада.
Қала маңына қатынайтын пойызда үй жануарлары иелерімен бірге арнайы жәшіктерде тасымалданады. Ірі тұқымды иттер вагон тамбурында тасымалданады. Оларға міндетті түрде тұмылдырық кигізіліп, қарғы баулары берік байлануы тиіс. Сол вагонда отырған иттің иесі әр уақытта оны қадағалуы тиіс.
«Сондай-ақ, зағип жандардың жетекшісі болатын иттер тегін тасымалданады. Оларға да тұмылдырық кигізіліп, қарғы бауы қысқа болуы шарт. Басқа жануарлар жүк вагондарында тасымалданады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар