Үй құстары арасында құс тұмауы тіркелген жоқ - комитет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда республикада үй құстары арасындағы құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бұл жайында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді.

Айта кетейік, 2022 жылы Қазақстан аумағында 14 930 180 үй құсына жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцина жасау жоспарланған.

12 айда 14 764 980 құсқа екпе егілді (бұл - жылдық жоспардың 99%).

Үй құстарының арасында ауру белгілері байқалмайды.

Аумақтық инспекциялар эпизоотиялық жағдайды бақылауға алды.

Еске сала кетейік, Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде, Қаракөл көлінің жағасында аққулар жаппай қырылған болатын.

Кеше Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысында аққулардың қырылуына құс тұмауы себеп болғанын мәлімдеді.

Осыған байланысты құс тұмауына қарсы вакцинаның 18,6 мың дозасы Маңғыстау облысына жіберілді.


Соңғы жаңалықтар