+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Үй қисаймаған: Алматыдағы 9 қабатты үйдің ахуалы жайлы әкімдік жауабы

2019 жылғы 11 желтоқсан 15:38
Бөлісіңіз:
Үй қисаймаған: Алматыдағы 9 қабатты үйдің ахуалы жайлы әкімдік жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі Зерделі шағынауданындағы 9 қабатты №1/179 үйдің ахуалын тексерген комиссияның қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайрамдық 17 мұқтаж отбасы баспаналы болды Нұр-Сұлтанда бес жылдан бері үйсіз жүрген 600 үлескер биыл баспаналы болады Тұрғын үй шаруашылығы саласында қандай өзгерістер болады

Қалалық ТЖД кезекші бөліміне бүгін тұрғын хабарласып үйдің қисайып бара жатқанын айтып дабыл қаққан еді.

Тұрғындардың шағымын тексеру үшін әкімдік шұғыл жұмыс комиссиясын жинаған болатын.

«Желтоқсанның 10-нан 11-іне қараған түні қалалық Ыңғайлы орта басқармасының мамандары оқиға орнына шыққан болатын. Визуалды тексеру барысында қатты ауытқу байқалмаған. Бүгін «Алматыбасжоспары» Ғылыми зерттеу институтының мамандары мұның алдында қойылған белгілерді тексеріп шықты. Нәтижесінде ешбір ауытқу байқалмады», – деді басқармадан.

Зерделі ауданындағы 9-қабатты үй осыдан бірнеше жыл бұрын іргесі сөгіліп, бір қырына қисайып қалған болатын. Сол кезде құзырлы органдардан шұғыл штаб құрылып, үйдің іргесі бекітіліп, күшейтілген еді.

Содан бері арнайы құрылған жұмыс тобы бұл нысанды үнемі бақылауда ұстап келеді.

Жұмыс тобы қойылған белгілерді ай сайын тексеріп отырады. Соңғы рет белгі 12 қарашада қойылған.

«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы мамандары үйдің айналасындағы топырақты зерттеген соң іргетасы күшейтілетін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT