Үй қабырғасына аса ірі ұялар салған аралар тұрғындарды үрейлендірді - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында үй қабырғасына аралар аса ірі екі ұя салып тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 қыркүйекте Алғабас ауылының тұрғындары құтқарушыларға хабарласып, жер үйдің қабырғасына балұя салған аралардың мазаларын қашырғанын айтты.

«Сол жерге арнайы киім киген құтқарушылар келіп жетті. Олар ұяларды тиісті құралмен өңдеп, қабырғадан алып тастады да қауіпсіз жерге көшірді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, осы жаз мезгілінде департамент қызметкерлері өңір жұртшылығына қауіпті жәндіктерден құтылуға бірнеше рет көмектесті. Мәселен, Өскеменде аралар балконға және тұрғын үйдің жанындағы ағашқа ұя салған.


Соңғы жаңалықтар