Үй иесі мекенжайына тіркелген бөгде адамды өз бетінше тіркеуден шығара алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық мемлекеттік органдардың Мекенжайды тіркеу кодының (МТК) негізінде мекенжай мәліметтері бірыңғай форматқа көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күні деректер базасында «Электронды үкімет» порталы арқылы тіркеуден шығару қызметі енгізіліп отыр. Бұл әрбір жылжымайтын мүлікке «электронды үй кітапшасын» жасауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта өзінің мекенжай мәліметтерін әр азамат қана емес, тұрғын үйдің иесі өз үйінде тіркелген адамдарға да ала алады. Ол үшін ХҚО немесе «электронды үкімет» веб-порталына жүгінсе жеткілікті. 

Сонымен бірге, мекенжай бойынша тіркелгендер туралы анықтама беру кезінде түрлі мәселелер туындап жатыр. Мысалы, анықтамада тұрғын үйді алғанға дейін тіркелген адамдар (оның ішінде қайтыс болғандар, республикадан тыс жерлерге көшіп кеткендер бар - авт.) көрініп тұрады. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселелер өтпелі кезеңде пайда болды және ол уақытша. Осыған байланысты қайтыс болғандарды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшіп кеткендерді, Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тартқандарды тіркеуден автоматты түрде шығару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні тұрғын үй иесі ХҚО және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «электронды үкімет» порталының мобильді азаматтар базасында үй иесінің мобильді телефон номері тіркелген болса, сол жерде бір реттік парольдің көмегімен өз үйінде тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығара алады.

 

Соңғы жаңалықтар