Үй алмақ болған қазақстандық алаяққа 130 млн теңгесін беріп қойған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны алаяққа алданып, 130 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған 46 жастағы Өскемен қаласының тұрғынын қолға түсірген.

«Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өзіне тиесілі емес жылжымайтын мүлікті сататындығын айтып, жәбірленушінің 130 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Осы ретте, департамент өкілдері тұрғындарға алаяқтардың тұзағына түсіп қалмас үшін барынша абай болу керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар