Ұтылып көрмеген қазақстандық кәсіпой боксшы сегізінші мәрте жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақ дәрежесіндегі қазақстандық кәсіпой боксшы Абылайхан Құсайынов (7-0, 5 КО) өз рекордын жалғастыруда, деп хабарлайды Sports.kz.

Монреал қаласында (Канада) ол мексикалық Хильберто Меспен (8-3-1, 5 КО) рингте кездесті. Сегіз раундқа жоспарланған айқас Абылайханның жеңісімен аяқталды, төрешілер қазақстандықты бірауыздан (77-74, 77-74, 76-75) жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық кәсіпқой бокста сегізінші мәрте жеңіске жетсе, оның қарсыласы спорттағы мансабында төртінші рет жеңіліп отыр.
Канадалық БАҚ Абылайханның соққылары мен бет қаратпас шабуылы туралы жиі жазып келді. Алайда бұған дейінгі Абылайханның мексикалық Хесуса Сильвейрге (8-5-2, 3 КО) қарсы кездесуі туралы TheFightCity.com журналисі Захари Алапи «жекпе-жек өте қиын болды, қазақстандық тек төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті» деп мәлімдеген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар