Утилизациялық алым: «Жасыл даму» АҚ 100% мемлекеттік ұйым

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жасыл даму» акционерлік қоғамы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және мемлекеттің қатысу үлесі 100%-ды құрайды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 20 қаулысымен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының (ӨКМ) функциялары «Жасыл Даму» акционерлік қоғамына берілді. Сонымен қатар, «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің құқықтары тоқтатылды.

«Жасыл даму» акционерлік қоғамы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭГТРМ) ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және мемлекеттің қатысу үлесі 100%-ды құрайды. Яғни, акционерлік қоғам құрамында өзге жеке және заңды тұлғалар жоқ. Осы қаулымен «ӨКМ Операторы» ЖШС жарғылық капиталына қатысудың жүз пайыздық үлесі жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қабылданғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, утилизациялық алым мәселесін реттеу үшін Экология, Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері Үкіметке бірлескен ұсыныс әзірлеп, енгізетін болды. «ӨКМ операторының» орнына келген «Жасыл даму» утиль алым мөлшерін қалай белгілейтіндігі айтылды. Жаңа утилизациялық алым ақпан айының соңына дейін бекітіледі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утильдік алым ставкаларын қайта қарауды тапсырды.

«Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда «Оператор РОП» компаниясының қызметі көптеген сұрақ туындатып отыр. Тіпті осы жеке компанияға қарсы қоғамдық қозғалыс та ұйымдастырылды. Мен Үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауын әкімшілендіруді тыйым салуын тапсырамын. Мұнымен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы керек. Алымдардың өзіне келсек, олардың ставкасы қайта қаралуы тиіс», - деді Президент.



Соңғы жаңалықтар