Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде қабылан пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстірттің Қазақстандағы бөлігінде фототұзаққа қабылан түсіп қалды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғажап! Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері керемет жаңалықты хабарлады. Қорық аумағында қабылан пайда болды», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында.

null 

Оның жазуынша, кезінде бұл өңірде гепардтар тіршілік еткен. Ал қабыланның кезігуі бірінші рет тіркеліп отыр. Сәкен Ділдахметтің жазуынша, сурет фототұзақ арқылы түсірілген.

Еске сала кетсек, Үстірттің қазақстандық бөлігінде сирек кездесетін жануарлардың бары дәлелденгенін бұрын да хабарлаған болатынбыз. Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының (ҚБСҚ) екінші экспедициясы Орталық Азия шөлдері жөніндегі бастама (ОАШБ) жобасы бойынша Үстірттің Қазақстандағы оңтүстік бөлігіне барып, осындай тұжырым жасаған.

Соңғы жаңалықтар