Үстіртте тағы бір қабылан фототұзаққа түсіп қалды

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Үстірт мемлекеттік қорығында тағы да қабылан фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінң Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жазды.

«Бұл жолы біздің мамандар барынша сапалы кадр жасай алды», - дейді ол.

Еске салсақ, Үстіртте фототұзаққа қабылан 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қаңтарында екі мәрте түсіп қалған. Үстіртте фототұзаққа ілінген қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген еді.

Ал жалпы Комитет өкілдері Үстіртте қабыланның пайда болғанын 2018 жылы хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар