«Үстірт құпиясы» экспедициясының өкілдері Маңғыстаудың 1350 км аумағын басып өтті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Үстір құпиясы» экспедициясының мүшелері 8 күнде 1350 км жерді басып өтіп, Ақтау қаласына келіп, Маңғыстау облысының әкімдігінде болды. Мұнда оларды облыс әкімі Ералы Тоғжанов қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



Марғұлан Сейсембаев бастаған «Nomad Explorer» командасы қазақстандағы ескерткіштерді насихаттау мен ішкі туризмді дамыту мақсатында екінші рет жүздеген км қашықтықты жүріп өтті. Команда мүшелері күн сайын орташа алғанда 160 км қашықтықты жүріп отырды. Осылайша, олар Тамшалы, Сұлтан-епе, Шақпақ ату, Шерқалу, Түзбаир, Бозжыра мен өзге де нысандарға барып қайтты.

 
«Біз Маңғыстаудың көркін тамашаладық. Өкінішке орай, Қазақстанда осындай керемет көрікті жерлер бар, алайда біз олардың ылғи да бағасына жетіп, насихаттай бермейміз. Суреттер арқылы бәрін жеткізу мүмкін емес. Біздің міндетіміз осы әсемдікті сезіну еді. Біз тіпті адам қолымен жасау мүмкін емес жерлерде болып, жерасты мешіттері мен табиғи ескерткіштерді көрдік. Олардың көпшілігін осы жердің жергілікті тұрғындары жасап, қалдырған. Мен әкімге алдағы 6 айдың көлемінде Мағыстау облысының елшісі сияқты осы аймақ туралы әңгімелеп, оны насихаттап, аймақтың көрікті жерлері мен ескерткіштері жөнінде айтып жүреміз деп уәде еткен едім. Экспедицияның әрбір мүшесі көргендерін айтпай тұра алмайды. Сіздер әбден қуаттанып алдыңыздар, енді өздеріңіздің алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер»,-деді Марғұлан Сейсембаев.

Өкінішке орай кездесуге экспедицияның тек кейбір мүшелері ғана келген. Команданың 60 пайызы тарап кеткен. Кездесуге келгендердің арасында қазақстандықтармен қатар Польша, Ресей, Қырғызстан елінің өкілдері де бар.

 

«Мен барлығыңызға алғысымды білдіремін, Меніңше, біз керемет ұмтылмас күндерді бастан өткердік. Біз өзіміздің өңірімізді жақсы біле бермейміз, әдетте адамдар өзге елдер туралы көбірек біледі. Мұнда тек тарихты жақсы білетін және оған немқұрайлы қарай алмайтындар, осы аймақтың көркін өз көзімен көргісі келетіндер ғана жиналды. Сіздер осы жинаған ақпараттарыңызды бүкіл елге таратасыздар деген ойдамын. Мен сонымен қатар осындай ерекше іс-шараларды ұйымдастырып жүретін Марғұланға алғысымды білдіргім келеді. Мен енді осы аймақтың ең танымал 25 орны туралы кітапты сыйға тартқым келіп тұр»,-деді Ералы Тоғжанов.






Соңғы жаңалықтар