Үстел теннисінен ҚР кубогінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі додасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ақтөбе облысы командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді.

Әйелдер арасында Қарағанды облысының құрамасы Шымкент спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орын ШҚО командасына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар