Үстел теннисінен Қазақстан Спартакиадасы басталды

None
Фото: olympic.kz
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Қарағанды қаласындағы Saryarka үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасының VI жазғы Спартакиадасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, турнирде еліміздің кіл мықты спортшылары өнер көрсетеді: Кирилл Герасименко (Астана), Алан Курмангалиев (Қарағанды), Зауреш Ақашева (Қарағанды), Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Анастасия Лаврова (Астана), Денис Жолудев (Өскемен), Анель Бахыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Өскемен), Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Айя Әлімбаева (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және басқалар.

Медальдар командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойнатылады.


Соңғы жаңалықтар