Үстел теннисінен Burabay Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

None
None
ЩУЧЬЕ. ҚазАқпарат – Щучьеде Burabay Open үстел теннисінен ірі турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жарысқа 75 ер адам мен 30 әйел қатысты. Жүлде қоры 1 млн теңгені құрады.

Ерлер арасында бірінші орынды – Искандер Харки, екінші орынды – Ырысбек Артықметов, үшінші орынды Дастан Кенжеғұлов алды.

Әйелдер арасында бірінші орынды – Сарвиноз Миркадирова, екінші орынды – Гузель Торшаева, үшінші орынды Ангелина Романовская иеленді.


Фото: olympic.kz



Соңғы жаңалықтар