Үстел теннисінен БҚО құрамасы Қазақстан чемпионы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан ел чемпионатында командалық сында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстанның ерлер командасы финалда қарағандылықтарды жеңіп, чемпион атанды. Шығысқазақстандықтар мен шымкенттіктер үздік үштікке ілікті.
Осылайша ерлер құрамасы облыс тарихында алғаш рет жеңімпаз атанып отыр.
БҚО командасы сапында Айдос Кенжеғұлов, Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов және Болат Ниетқалиев өнер көрсетті.
Ал әйелдер арасында командалық бәсекеде қарағандылықтар үздік шықса, батысқазақстандықтар күміс жүлдеге ие болды. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласының өкілдері үшінші орынды бөлісті.
БҚО намысын Гауһар Әлмағамбетова, Гүлчехра Хусейнова, Алсу Сапарова, Аружан Бекіш және Аружан Ілияс қорғады.
Батысқазақстандықтарды Сарвар Назарова мен Владислав Кузьмин жаттықтырады.
Қазақстан біріншілігі 14 қаңтар күні жекелей сында жалғасып, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.- Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының келесі қарсыласы анықталды
- Төлеби ауданында тұратын келіншек 18 жыл азаматтық ала алмай келген
- Ақтөбеде жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімін ана-аналары онлайн бақылады
- Хоккей: «Барыс» «Витязь» клубынан басым түсті
-
Олимпиадалық іріктеу: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
-
Қостанай облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам