Үстел теннисінен Әлем чемпионаты: Зәуреш Ақашева Олимпиада жеңімпазымен кездеседі

None
None
ХЬЮСТОН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Хьюстон қаласында үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды. Тарихта алғаш рет 120 – ер, 118 әйел спортшы плей-офф форматында сынға түсуде. Бұл ереже бойынша спортшы бір жеңілістен соң жарысты аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, аталған сынға Қазақстан атынан Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова қатысып жатыр. Өкінішке қарай, Лаврова алғашқы кездесуде жасөспірімдер Олимпиадасы мен жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері, румыниялық Андрея Драгоманға 3:4 есебімен жол берді.

Ал Ақашева бірінші матчта Панамерика ойындарының чемпионы, Пуэрто-Рико өкілі Даниеля Риосты 4:1 есебімен жеңді. 1/32 финалда Зәуреш жұптық сындағы Токио Олимпиадасының чемпионы, жапондық Ито Мимамен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар