Үстел теннисі: Кирилл Герасименко әлемдік біріншілікті жеңіспен бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Кирилл Герасименко үстел теннисінен Болгарияның ашық біріншілігінде сынға түсіп жатыр. Біздің спортшымыз алғашқы айналымды сәтті бастады, деп жазады Olympic.kz. 

Панагюриште қаласында өтіп жатқан чемпионаттың іріктеу айналымына 168 теннисші қатысқан болатын. Герасименко келесі кезеңге өткен 16 спортшының қатарына енді. 

Бірінші кезеңде жерлесіміз тәжірибелі ресейлік спортшы, жұптасып өнер көрсетуде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Кирилл Скачковпен кездесті. 

Екі спортшы арасындағы бәсеке тартысты өтіп, 4:3 есебімен жеңіске жеткен жерлесіміз келесі айналымға жолдама алды. 

«Қарсыласымыз іріктеу кезеңдеріне сынға түсіп, залға бой үйретіп алды. Ал Кирилл Герасименко үшін бұл чемпионаттағы алғашқы ойын. Бірінші ойын қашанда қиынға соғады, оның  үстіне залға үйренісу оңай емес. Ол ойынды сенімді түрде бастап, 2:0 есебімен алға шықты. Алайда, Скачков өз қалпына келіп, қателікке бой алдыра қойған жоқ. Дегенмен біздің спортшымыз жетінші партияда белсенділігін арттыра түсіп, жеңіске жетті. Кирилдің екі жарым айға созылған үзілістен соң ресми жарысқа қатысып, жақсы ойын көрсеткені қуантады», - дейді Қазақстан құрамасының кеңесші бапкері Дмитрий Левенко (Австрия).

Соңғы жаңалықтар