Ұстаздар бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударуға міндетті емес - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Желіде педагогтарды бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» аударуға міндеттеу туралы әртүрлі пікір айтылып жатыр. Мұны ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева мәлімет таратты.

«Қайырлы күн! Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды «Қазақстан халқына» қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, БҒМ-ге қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлері қорға ақша аударуға міндеттелмейді. Білім ұйымдарының басшылары хабардар. Дегенмен, мұндай мәселе туындап жатса, маған жаза аласыздар» деп жазды ол Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елде «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор құрылды.


Соңғы жаңалықтар