Ұстаздар арасында алғаш рет «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауы басталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін педагогтер үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында айтылғандай, педагогтер видео түріндегі авторлық жұмысын мына 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады:

- мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауат

- оқу сауаты

- математика сауаты

- жаратылыстану-ғылыми сауаты

- цифрлық сауат

- медиа-ақпараттық сауат

- қаржы сауаты

- экологиялық сауаты

- денсаулық сақтау сауаты

- әлеуметтік-эмоционалды сауат

- мәдениетаралық сауат

- азаматтық-құқықтық сауат.

Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады - топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс.

Мұғалімдердің мынадай жұмыстары қабылданады: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, цифрлық білім ресурсы және бейнеподкаст.

Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін.

Конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі.

Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериал жібере алады.

Конкурс жұмыстары жеті критерий бойынша бағаланады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатарды беру сапасы.

12 бағыттың әрқайсысында бір І орын, екі ІІ орын және үш ІІІ орын беріледі.

Өңірлік және республикалық кезеңдердің бүкіл қатысушылары қатысу сертификаты және жеңімпаздар дипломмен марапатталады.

YouTube-та ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған.

Конкурстың барлық марапаттау құжаттары біліктілік санатын беру немесе растауда ескерілетінін айта кеткен жөн.

Байқаудың өңірлік кезеңіне қатысу өтінімдері мына сілтемеде қазан айының 10-на дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарында алуға болады.


Соңғы жаңалықтар