Үсік, тұман, жел - 4 қазанға арналған ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мамандары 4 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, күндіз Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысының жекелеген аудандарында жел жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді.

Жамбыл, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарына тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар